Бастауыш сынып пәндерін оқытудағы инклюзивті тәсілдер: оқу қиындықтарын еңсеру
Описание
Бағдарлама бастауыш сынып педагогтерінің инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған және оқу қиындықтарын ерте анықтау мен еңсеруге басымдық береді. Ол педагогтерге білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін уақтылы анықтап, тиімді педагогикалық қолдау жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бағдарлама мазмұны педагогтің практикалық қызмет логикасына сәйкес құрылған: білім алушының ерекшеліктерін түсіну мен педагогикалық диагностикадан бастап, қолдау стратегияларын таңдау және олардың тиімділігін талдауға дейінгі кезеңдерді қамтиды. Сонымен қатар, бағдарлама халықаралық тәсілдер мен ұлттық білім беру контекстін үйлестіре отырып, кейс-талдау, педагогикалық шешімдерді әзірлеу және кәсіби рефлексияға негізделген. Оқыту үдерісінде цифрлық білім беру технологиялары мен жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы оқытуды дараландыру және білім беру сапасын арттыру көзделген.