Білім берудегі инклюзивті инновацияларды дамытудағы трансформациялық көшбасшылық
Описание
Бағдарлама білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларының инклюзивті өзгерістерді енгізу саласындағы басқарушылық құзыреттерін дамытуға бағытталған. Бағдарлама инклюзияны басқарудың стратегиялық міндеті ретінде қарастырып, оны білім беру ұйымының миссиясына, ұйымдық мәдениетіне және даму жүйесіне кіріктіру жолдарын ашады. Ол теориялық түсініктен нақты басқарушылық шешімдер қабылдауға көшуге бағдарланған: басшылар білім беру ортасын талдау құралдарын (оның ішінде инклюзивтілік индексін), кедергілерді анықтау және өзгерістерді стратегиялық жоспарлау тәсілдерін меңгереді. Бағдарламаның практикалық құндылығы трансформациялық көшбасшылық, командалық фасилитация, цифрлық талдау және басқаруда жасанды интеллект құралдарын қолдану дағдыларын игеруде көрінеді. Нәтижесінде, тыңдаушылар білім беру ұйымының дамуына бағытталған тиімді инклюзивті басқарушылық шешімдерді әзірлеуге және енгізуге дайын болады.