Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «География»
Описание
Бағдарлама «География» пәніне қатысты Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖМБС) жаңартуларына сәйкес енгізілген өзгерістерге, сондай-ақ оқытудың сапасы мен тиімділігін арттыру құралы ретінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні (ЖИ) белсенді қолдануға бағытталған. Бағдарлама географияны оқытудың қазіргі әдістемелеріндегі олқылықтарды толтыруға және мұғалімдерге білім беру ортасының өзгермелі талаптарына сәтті бейімделуге, сондай-ақ оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жаңа құралдар мен тәсілдерді ұсынуды көздейді.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы жалпыұлттық басымдықтарымен тығыз байланысты: функционалдық сауаттылықты дамыту, цифрлық трансформация және әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру.