Педагогикалық қызметке кіріспе
Описание
Бағдарлама педагогикалық қызметін жаңадан бастаған немесе ұзақ үзілістен кейін білім беру саласына оралған педагогтерді кәсіби ортаға бейімдеуге және олардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Бағдарлама аясында тыңдаушылар педагогтің кәсіби болмысы мен көшбасшылығын қалыптастыру, мансаптық даму жолдарын жоспарлау, эмоционалдық интеллект пен стейкхолдерлермен тиімді коммуникация мәдениетін дамыту, сыныпты басқару және буллингтің алдын алу тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар курс барысында заманауи оқыту мен бағалау әдістері, халықаралық білім беру бағдарламалары, цифрлық педагогика және жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану, сондай-ақ мектеп контекстінде зерттеуге негізделген оқыту әдістері қарастырылады. Бағдарлама педагогтердің кәсіби бейімделуін жеңілдетуге, педагогикалық шеберлігін дамытуға және білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған.