Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Математика»
Описание
Бағдарлама білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, цифрлық сауаттылықты дамыту және әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру сияқты жалпыұлттық басымдықтарды ескереді. Бағдарлама заманауи үрдістерге сүйенеді: оқытуды дербестендіру, STEM-тәсіл, пәнаралық байланыстар, жасанды интеллект технологияларын қолдану және XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыру. Бағдарламада құндылыққа бағдарланған тәсіл, академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру және инклюзивті білім беру қағидаларын жүзеге асыру маңызды орын алады.
Бағдарлама МЖМБС талаптарынан бастап нақтылы сабақ деңгейіне дейінгі оқыту тәжірибесіне ерекше назар аударады. Мұнда құзыреттерді декомпозициялау және каскадтау, негізгі құндылықтарға бағдарлану, оқу мазмұнының спиральды құрылымы, мақсаттар, мазмұн, оқыту әдістері мен бағалауды конструктивті сәйкестендіру сияқты әдіснамалық тәсілдер жүйелі түрде біріктірілген.