Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қaзaқ тілі мен әдебиеті» (Т2)
Описание
Бұл бағдарлама оқыту тілі қазақ тілі емес сыныптарда «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің мазмұнын тиімді жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Бағдарлама аясында тілді деңгейлеп оқыту қағидаттары мен CEFR талаптарына сәйкес жоспарлау тәсілдері түсіндіріледі. Сонымен қатар, екінші тілді меңгертудің заманауи әдіс-тәсілдері, білім алушыларға жүйелі қолдау көрсету және қателермен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары ұсынылады. Курс барысында құндылықтар, құзыреттіліктер, пән бойынша күтілетін нәтижелер мен оқу мақсаттарының өзара байланысы кеңінен талқыланып, құжаттар иерархиясы мен білім беру каскадының нақты үлгілері ұсынылады. Сондай-ақ, сабақ үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдары қарастырылып, оқытуды жекелендіру мен тапсырмаларды жетілдіруге арналған практикалық тәсілдер ұсынылады. Курс мазмұны практикалық бағытта құрылып, тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын кешенді дамытуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде мұғалімдер оқу үдерісін оқушылардың тілдік деңгейіне бейімдеп, сабақты нәтижелі ұйымдастыруға қажетті кәсіби дағдыларды меңгереді.